Алматыда той өткізуге рұқсат жоқ - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда той өткізуге рұқсат жоқ - Бекшин Фото: elements.envato.com

Алматы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин той-томалақ өткізуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин той-томалақ өткізуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшиннен "Алматыда той және банкет өткізу рұқсат етіле ме" деп сұралды.

"Жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар - ұжымдық шаралар дейік - қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны неге өскенін түсіндірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети