Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 2023 жылдың жазында өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі өндіру үшін елге прекурсорларды жеткізуді жолға қойған көршілес мемлекеттердің азаматтарынан тұратын трансұлттық есірткі тасымалы тобының қызметі тоқтатылды.

Айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды "жұмысқа" тартуды көздеген. Халықаралық қылмыстық топты қолға түсіру ІІМ мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

"Әрбір қатысушының рөлін және басқа да адамдардың қатысуын анықтау үшін "арнайы жүк" оның бүкіл бағыты бойынша, соның ішінде әуе барлауын қолдану арқылы бақыланды. Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырғаны белгілі болды. Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады. Соңғы кезеңде Алматыда қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы ұсталды, олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Жалға алынған қоймаларды рұқсат етілген тінту барысында психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, "синтетика" өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылып, тәркіленген. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 73 тоннаны (72,7) құрады. Осылайша полицейлер 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Бұл 8 миллион бір реттік доза.

"Алматы прокуратурасының көмегімен ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети