Алматыда трейлерлерді көру арқылы “ақша табу“ схемасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Warner Bros", "Roborock" және "NFT+TRX" қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Warner Bros", "Roborock" және "NFT+TRX" қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.

"Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңге болады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды. Мысалы, "Warner Bros" жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін "есептелетін" сыйақылар алған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.

Соттың санкциясы бойынша 3,8 миллион USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды. Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети