11 қаңтар 2020 | 15:53

Алматыда тұлға анықтайтын камералар қайда орнатылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқықбұзушылықтың азайтуға және қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені іске қосуды жоспарлап отыр. "Негізінде "ақылды камераларды" пилоттық жоба аясында тек Көк базар аумағында орнатылады. Отандық ойлаптапқыштардың өнімі тұлғаның кім екенін және нөмірді анықтауға, адамның не көліктің ереже бұзу деректерін әшкерелеуге және жоғалған заттарды табуға мүмкіндік береді", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында. 

Баспасөз қызметінің өкілдері жасанды сараптамалық интеллект жобасы меморандумға қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылатынын атап өтті.

"Бұл жан-жақты талқылаудан өтетін жобалардың бірі ғана. Бағдарламаның негізгі мақсаты - адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету", - деді әкімдік өкілдері. 

Айта кетейік, осыған дейін, Алматыда тұлғаның кім екенін анықтайтын жүйе іске қосылатыны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети