Алматыда тұмау мен ЖРВИ қашан өршитіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұмау мен ЖРВИ қашан өршитіні айтылды

Болжам бойынша ЖРВИ мен тұмау күздің ортасында өршиді. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болжам бойынша ЖРВИ мен тұмау күздің ортасында өршиді. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланың эпидемиологиялық қызметінің болжамы бойынша ЖРВИ мен тұмау осы жылдың қараша айының соңынан бастап 2021 жылдың бірінші тоқсанына дейін өршуі мүмкін. Алдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі - коронавирустың қабаттасу қаупі", - деді Бекшин.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға жатқызу үшін қосымша 485 төсек қарастырылған.

"Қаланың медициналық ұйымдарында, дәріханаларында бір реттік маскалар, вирусқа қарсы препараттар, дезинфекциялық құралдар жеткілікті. Қорларды қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.1  course down  589.08  course up  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети