Алматыда иелері жауапкершілікке тартылатын ит түрлерінің алдын ала тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының VI шақырылымында жұмыс тобының отырысы барысында айтылды. Отырыста үй жануарларын ұстауға қатысты мәселелер талқыланды.

Бұл тізімде мына ит түрлері бар:
Акита-ину
Америкалық бульдог
Америкалық стаффорд терьер
Ағылшын мастифі
Аргентиналық дог
Бельгия овчаркасы
Берн зенненхунды
Бордос дог
Бразилиялық фила
Бульмастиф
Бультерьер
Доберман
Кавказ овчаркасы
Кане корсо
Мастино неаполитано
Неміс овчаркасы
Перо пресса канарио
Оңтүстікресейлік овчарка
Питбультерьер
Ризеншнауцер
Родезийлік риджбек
Ротвейлер
Ортаазиялық овчарка
Тоса-ину
Қара терьер
Неміс боксшысы
Фокстерьер
Неміс ягдтерьері
Жаңа жобаға сәйкес, осы иттердің иелері өз жануарларына тұмсықтор кигізуге міндетті. Бұл ереже мәслихаттың алдағы сессиясында бекітілген соң күшіне енеді.