Алматыны қар басып қалды. Синоптиктер мәліметінше, түнде қалада 19 сантиметр қар жауған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыны қар басып қалды. Синоптиктер мәліметінше, түнде қалада 19 сантиметр қар жауған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2ГИС" қызметінің мәліметінше, Алматыда таңертеңнен бері 9-10 баллдық кептеліс байқалады. Қаланың негізгі көшелерінің көпшілігі "қызыл" түспен белігленген.
Карты "2ГИС"
Қар қаланың орталық көшелерінде көлік қозғалысын қиындатты.
Фото Tengrinews.kz©
Коммуналдық қызметтер таңертеңнен бері жолдарды тазалап жатыр, бірақ кейбір жаяу жүргіншілер жолы әлі тазартылмаған.
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©
Қала әкімдігі қар тазалау жұмыстарына тоқталды. Алматыда қар тазалауға мыңнан аса жол жұмысшысы мен 425 техника жұмылдырылғаны хабарланды.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 16 қаңтар сағат 22:30-дан 17 қаңтар таңғы сағат 08:30-ға дейін Алматыда қалыңдығы 19 сантиметр қар жауды, қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 421 техника түнде жұмыс істеді, таңертеңнен бері 425 арнайы техника, оның ішінде 146 құм себетін және 1 143 жол жұмысшысы жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!