Алматы қаласының таулы аймақтарында 2 наурыз күні түнгі сағат 02:00-де қар жауа бастады, қалада жаңбыр жауды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының таулы аймақтарында 2 наурыз күні түнгі сағат 02:00-де қар жауа бастады, қалада жаңбыр жауды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қалада басында қар аралас жаңбыр жауып, соңында жауған қар 3 наурыз күнгі таңғы сағат 04-00-де аяқталды.
Шымбұлақ аумағында жауған қардың биіктігі 45 см-ге дейін жетіп, қалада 15 сантиметр болды. Коммуналдық қызметтер қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдарды сеуіп бастады. Қар жауған кезде 1600 тонна мұзды ерітетін материалдар пайдаланылды. Жолдың жүретін бөлігінен және жаяу адамдар жүретін жерлерден қар сыпырылып, күрелді. Қаланың жоғарғы бөлігінде қарды шығару жұмыстары ұйымдастырылды. 3 наурыз күнгі сағат 10-00-дегі жағдай бойынша 1400 текше метр қар шығарылған", - делінген хабарламада.
Қар тазалау жұмыстарына түнгі уақытта 407 бірлік арнайы техника, 805 жол жұмысшылары жұмылдырылған.
Күндізгі уақытта қарды тазалау жұмыстарына 606 бірлік арнайы техника және 1280 жол жұмысшылары шықты.
Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.