Алматыда түнде естілген гуілдің себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда түнде естілген гуілдің себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алатау ауданындағы ЖЭО-2-де 23.00-ден 23.30-ға дейін бу шығарылды. Жұмыс процесі. Әдетте 5 минуттан бір сағатқа дейін созылады. Осыған байланысты Алматыда қатты гуіл естілді. Сегізінші қазандықтан екінші қазандыққа ауысқан кезде автоматика іске қосылып, бу шығарылды, осыдан шу шықты", - деп түсіндірді Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство хабарлауынша, қазір барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Әр қазандық бумен жұмыс істейтіндіктен, оларда қауіпсіздік қақпағы бар. Бу параметрлері өзгерген кезде, олар іске қосылады. Күндіз ол үнемі жұмыс істеп тұрады, бірақ естілмейді, өйткені қаланың өз шуы бар. Ал түнде клапанның бұрандасы шығып кетті, ол орнына қайта салынғанда, қазандық екіншісіне ауыстырылып жатқан. Бұл әдеттегі жағдай, техногендік апат жоқ. Жалғыз клапан 5-7 минут ішінде буды шығарады, ал мұнда ол ашылып, жабылмай қалды, сондықтан да гуіл ұзақ естілді", - деп түсіндірді Алматы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.
Еске салайық, 18 желтоқсанда кешке Алматының кей ауданының тұрғындары көшеден тоқтаусыз гуілді естіп, шошыған еді. Олар дыбысты видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!