17 қараша 2020 13:09

Алматыда түнде қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігі © Алматы әкімдігі

Түнде Алматыда қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түнде Алматыда қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғалары сағат 21.00 мен 6.00 аралығында болған.

Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген. Дегенмен ведомстводағылар жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

"Полиция жүргізушілерге үндеу жасай отырып, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзара құрмет пен тәртіп - жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырамыз. (...)", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Алматыда қалың қар жауған болатын. 16 қараша күні сағат 17.00-де жауа бастаған қар 17 қараша сағат 04.20-да тоқтаған Осы аралықта қалада 4-5 сантиметр, таулы аудандарда 8-10 сантиметрге дейін қар түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети