Алматыда тұрақта тұрған көлікке ағаш құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрақта тұрған көлікке ағаш құлады Фото: Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметі

Алматыда ағаш құлап, жеңіл көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ағаш құлап, жеңіл көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға өткен кеште болған. Бұл туралы редакциямызға оқырман хабарлады.

Сондай-ақ, ол суреттер жіберді, онда құлаған ағаштың көлікті толығымен басып қалғаны анық көрінеді.

Оқырман суреті

Алматы әкімдігіне қарасты құтқару қызметі оқиға жайлы толық ақпарат берді. Куәгерден Барибаев көшесінде үлкен ағаштың құлағаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің экипаждары келді. Құтқарушылар бензопила мен арнайы техниканың көмегімен диаметрі 100–120 сантиметр болатын құлаған ағашты аралап, Mercedes-Benz көлігін алды", – деп мәлімдеді қызмет өкілдері.

Алматы әкімдігіне қарасты құтқару қызметі

Құтқару жұмыстары түн ортасы өте аяқталған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети