20 қыркүйек 2023 16:47

Алматыда тұрғын үй дәлізінде жүгіріп жүрген жезөкшелер видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматылықтар жезөкшелер шуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар жезөкшелер шуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Atlant-2 тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымы пайда болды. Олардың айтуынша, бір жылдан бері бір кіреберісте притонмен көршілес тұрады.

"Балаларымыз бен қарттарымызға қауіп бар. Күн сайын түнде сутенер пәтерді жалға береді. Үнемі төбелес. Ал бұл біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді. Шара қолдануды сұраймыз.

Үй тұрғындары үнемі полицияға хабарласады, бірақ полицейлер ештеңе істемейді. Бұрынғы басқарушы компания шара қолданбады", - дейді олар.

Жазбада бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео да бар. Кадрда болжамды клиенттердің бірімен болған оқиға көрсетілген. Жанжал кезінде ер адам пәтерден қашып шығады. Оның артынан екі әйел шығады.Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүгінді. Кейін қалалық Полиция департаменті пәтер иесімен сөйлесіп, оны жазалағанын айтты.

"Полицейлер пәтер иесін анықтады, ол 1987 жылы туған азамат болып шықты. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы "Жезөкшелік пен сутенерлік үшін үй-жайлар беру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 450-бапта 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет, құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кірісі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге қызметке тыйым салумен 150-ден 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети