Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

"Обсерватория, 104/4 көшесіндегі "Мечта" тұрғын үй кешенін бұзу басталды. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады. Бұл мәселе бойынша сот 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Құрылыс кезінде көптеген заңбұзушылықтар, соның ішінде рұқсат құжаттарының болмауы және жобадан ауытқулар анықталды", - делінген хабарламада.

Тұрғын үй кешені жеке тұрғын үйді пайдалануға арналған жер учаскесінде салынған, бірақ құрылыс салушы пәтерді тұрғын үй кешені ретінде ұсына отырып сатуды жоспарлаған.

"Тексеру жүргізілгеннен кейін және орындалмаған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін бұзу туралы талап арыз берілді. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша, бұзу талабы қанағаттандырылды, ал Жоғарғы Сот бұл шешімді растады.

"Мечта" ТК бұрын заңбұзушылықтарға байланысты сатып алу үшін жарамсыз деп танылды. Ол заңнама талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынған 54 таулы аймақ нысандарының жарияланған тізіміне енді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети