Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр

Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр

Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінен өрт шықты, 120-ға жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінен өрт шықты, 120-ға жуық адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй кешінен өрт 10 желтоқсанда кешкі уақытта шыққан. 

"Сағат 23:58-де Алматы ТЖД өкілдері Алмалы ауданына шықты. Өрт сөндіру қызметі келген соң 6-7-қабаттарда, сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің 17-18-қабаттарында екі блокта бір уақытта өрт шыққаны анықталды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды, шығыс және батыс жағынан газ-түтіннен қорғау қызметінен жауынгерлік учаскелер құрылды, бүгінде 120-дан астам адам эвакуацияланды, 20 адам құтқарылды, өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар қосылды. Баспалдақ торларындағы түтінді азайту үшін жою автомобилі жұмылдырылды. Эвакуацияланғандардың саны өзгеріп жатыр", - деді ТЖД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети