15 тамызға қараған түні Алматы қаласының Әуезов ауданында алты қабатты үйдің қасбеті құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 тамызға қараған түні Алматы қаласының Әуезов ауданында алты қабатты үйдің қасбеті құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқырман мәліметінше, оқиға Ақсай-4 шағын ауданында болған. Түнде үйдің сыртқы қаптамасы мен оқшаулауы құлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір жарым ай ішінде ғимараттың қабырғаларында жарықтар пайда болған, алайда жауаптылар оған үстірт қараған. Жұмысшылар жарықтарды орап, жөндеуге уәде беріп, орынды таспамен қоршады.
Үйдің қасбетінің түнде құлағаны қайғылы жағдайлардың алдын алды, өйткені күндіз балалар осы аумақта ойнайтын көрінеді. Қоқыс газ құбырларына тиген жоқ, бұл одан да ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Әуезов ауданы әкімі аппаратының ақпаратына сәйкес, үйдің қасбеті түнгі сағат 02:30-да құлаған, ғимараттың солтүстік жағын бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін қамтылды. Қираудың жалпы ауданы 194 шаршы метр.
Қазіргі уақытта әкімдік комиссиясы мен "Алматы Тұрғын үй" ЖШС үйді тексеруді жүргізіп жатыр.
Ғимарат 2012 жылы пайдалануға берілді, ал қасбеттік жұмыстарға кепілдік мерзімі 2014 жылы аяқталды, бұл үйді күтіп ұстау жауапкершілігін пәтер иелеріне жүктейді.
"Аталған үйді "Алматы тұрғын үй" ЖШС арқылы қалпына келтірудің сметалық құны тұрғындар есебінен есептелетін болады. Бұдан басқа, құрылыс қоқыстарын шығару жұмыстары жүргізіледі", - деп атап өтті Әуезов ауданының әкімдігінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!