Алматыда Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысында орналасқан дәмхана мен көлік жуу орталығы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысында орналасқан дәмхана мен көлік жуу орталығы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, көпқабатты үйдің маңында салынған көлік жуу орталығы мен дәмхана тұрғындардың наразылығын тудырған. Айтып та, жазып та шағымданғанымен, сот шешім шығарғанымен, орталық қожайыны ақталып, сүруді біраз уақытқа созған.
Сәулет құрылыс басқармасы кәсіпкердің нысанды заңсыз көтергенін анықтап, 800 мың теңге айыппұл да салған.
"Алматы қалалық сотында біздің талап-арызымыз өзгертіліп, осы артымызда тұрған нысан заңсыз деп танылды. Бұзу туралы қаулы шығарылды. Қазіргі таңда осы сол қаулыны орындап жатырмыз", - деді Алматы қаласы Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Асқар Дүйсебаев.