Алматыда тұрғыннан героиннің аса ірі партиясы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғыннан героиннің аса ірі партиясы тәркіленді Фото: polisia.kz

Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден ақшыл түсті ұнтақты зат салынған екі бума табылды және тәркіленді.

"ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде ашық түсті ұнтақты заты бар тағы бір бума тәркіленді. Жатын бөлмеден кереует астынан екі Байкал пневматикалық және травматикалық тапанша және 12 калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат героин есірткі заты болып шықты. Қарудың кімдікі екендігі анықталып жатыр", - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Ұсталған күдіктінің бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғандығы белгілі болды. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети