Алматы полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Жыл айын 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні аталып өтеді. Осыған байланысты Алматыда "Әйелдерге қатысты зорлықсыз 16 күн" атты науқан жарияланды. Бұл жылы ол 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында "Бақытты отбасы - бақытты ел" ұранымен өткізіледі.
"Мұндағы негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру. Науқан аясында студент жастар арасында, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда ақпараттық-насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған. Науқанға қатысатын Алматының дағдарыс орталықтарының сенім телефондары арқылы кеңестік-құқықтық және психологиялық көмек алуға болады", - деп хабарлады ІІД Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зобылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Майя Тоқсанова.
2016 жылдың он айында отбасындағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша үш мыңнан аса шағым мен арыз тіркеліп, ол бойынша отбасы-тұрмыстық қатынаста заңға қайшы әрекеті үшін (психологиялық қысым) 550 адам әкімшілік жауапқа тартылды, 2,5 мың құқық бұзушы алдын алу есебіне тіркелді", - делінген полицияның хабарламасында.
Алматының Жергілікті полиция қызметі зорлық-зомбылық көрген әйелдер арыздана алатын телефон нөмірлерін ұсынды.
Алматы ӘӘД - 254-45-99, Алмалы ауданы- 254-46-24, Алатау ауданы - 227-55-54, Әуезов ауданы - 298-53-33, Бостандық ауданы - 254-47-32, Жетісу ауданы- 254-49-43, Медеу ауданы - 254-48-16, Түркісіб ауданы - 298-54-25, Наурызбай ауданы- 254- 44 -78.
Дағдарыс орталықтарының телефон нөмірлері: "Родник" - 396-19-38, "Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының кеңесі" - "150". Халықаралық құқық қорғау органы -317-93-07, 302-76-60.