Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дина Суханберлиева пандемия кезінде ҰБТ қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дина Суханберлиева пандемия кезінде ҰБТ қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 6 мамыр мен 30 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында екі лекке алдын ала жазылу бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жалпы саны - 11 337 адам.
"Барлығы үш тестілеу залы болады. Күн сайын ҰБТ-ға 600 оқушы жіберіледі. Залға отырғызу кезәнде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескеріледі", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі Дина Суханберлиева.
Сондай-ақ, ҰБТ өткізу орындарында медициналық пункт және желдеткіш жүйе орнатылған. Оқушыларға бөтелкедегі су таратылады.
Сонымен қатар, барлық оқушы кіреберісте бетперде тағып, қолдарын арнайы сұйықтықпен өңдеп, термобақылаудан өтуі керек.
Суханберлиева ата-ана мен мұғалім, сондай-ақ барлық бөгде адамға тестілеу пункттеріне келуге тыйым салынатынын айтты.
"ҰБТ-ны өткізуге ата-аналар, оқытушылар және адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында басқа да адамдар жіберілмейді. ҰБТ қатысушыларына еріп келмеуді сұраймыз", - деді Дина Суханберлиева.
ҰБТ қалай өтіп жатқанын онлайн-трансляция режимінде көруге болады.
ҰБТ-ға жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық ауру белгілері бар түлектер жіберілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!