Алматыда UILI BOLAYIK тұрғын үй пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті UILI BOLAYIK (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті UILI BOLAYIK (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.

Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген. Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған.

"Қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден аса қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің банк шоттарына тыйым салынды. Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети