Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты. Полиция ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты. Полиция ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 22 қыркүйекке қараған түні Шекара академиясының курсанты Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіргені туралы ақпарат пайда болды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайы белгіленеді", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, қыркүйекте әскери қызметкерлерге қатысты бірнеше қайғылы жағдай болды.

7 қыркүйекте Маңғыстауда мерзімді сарбаз ауыр жарақат алды.

16 қыркүйекте Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер басынан қарудан соққы тиіп, жарақат алды.

19 қыркүйекте Аягөзде әскери қызметкердің денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети