Алматыда украиналық әйел босқын мәртебесін сұрады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда украиналық әйел босқын мәртебесін сұрады Фото:elements.envato.com

Алматы әуежайында Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады. Полиция қызметкерлері оған мемлекеттік шекарадан өтуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында Украина азаматы босқын мәртебесін беруді сұрады. Полиция қызметкерлері оған мемлекеттік шекарадан өтуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қалалық ІІД-мен бірлесіп, әйелге Алматы әуежайы арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өтуге көмектесті.

"Украина азаматшасы көмек сұраған кезде Алматы әуежайының полиция бөлімі қызметкерлері шекарадан өту кезінде туындаған мәселені шешуге, тіпті фотограф қызметін ұсынуға дейін көмектесті.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған азаматша "босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына оған босқын мәртебесін беру туралы өтініш білдірді", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін жергілікті БАҚ зейнет жасындағы Украина азаматының Алматы әуежайында төрт сағат бойы тұрып қалғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети