23 маусым 2021 | 14:02

Алматыда үнді штамын растау қызметіне 8 миллион теңге жұмсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда үнді штамын растау қызметіне сегіз миллион теңге жұмсалады. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин геномды таратып жазу бойынша жұмыстың бағасы осынша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үнді штамын растау қызметіне сегіз миллион теңге жұмсалады. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин геномды таратып жазу бойынша жұмыстың бағасы осынша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда скрининг кезінде оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларының бірінде үнді штамы болуы мүмкін екені анықталды. Деректерді растау үшін сынама секвенирлеуге, яғни нуклеин қышқылдарының тізбегін анықтауға жіберілді.

"Біз секвенирлеуді өте қымбат зерттеу түрімен жасаймыз. Мен секвенатордың 48 сағаттық жұмысына барлық реактив, сынама және басқалары жұмсалатынын айтқанмын. Оның жұмысы сегіз миллион теңгеге бағаланады. Sequens кесу үшін жасалады, қазір біз штамды ПТР скринингімен анықтадық, ал дәлірек ақпарат алу үшін секвенирлеуді жүргізу керек. Ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдар да сәуірде осымен расталған. Бұл штамм (үнді) Алматы мен Нұр-Сұлтанда алғаш рет анықталып отыр, оны растау үшін секвенирлеу жүргізу қажет. Біз, сондай-ақ, алғаш рет табылған "Нью-Йорк" штамын секвенирлеуге жібердік", - деді Бекшин.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда да дельта штамдары табылды. Сынамалар секвенирлеуге жіберілді. 54 сынаманың 30-ында үнді штамы болуы мүмкін екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети