28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 іс-шарасын өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін науқандықұсыныстар іске қосылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.

Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталықтары мен "street retial" үлгісіндегі дүкендерде азық-түлік емес тауарлардың кең көлемдегі түрлеріне жеңілдіктер беріледі.
Науқандық ұсыныстар Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтетін еліміздің зат белгілік Универсиада-2017 іс-шарасына орайластырылатын болады. Бұл кезеңде Қазақстан өңірлері мен шетелдерден туристердің келуі күтілуде. Іс-шараның өзіне әлемнің 58 елінен келетін 2 000-нан аса спортшы қатысады.
2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекелеріне орайластырылған сатылымдардың жүргізілгенін атап өтеміз. Атап айтқанда, 120-дан астам сауда ойын-сауық орталықтары мен 120 азық-түлік әмбебап дүкендері 19-80 пайызға дейінгі жеңілдіктерді іске қосты.