15 маусым 2021 | 12:23

Алматыда үнсіз митинг өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда жануарларды қорғауға бағытталған үнсіз митинг өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жануарларды қорғауға бағытталған үнсіз митинг өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 4 шілдеде сағат 14:00-16:00 аралығында Махатма Ганди саябағында (Жароков - Шевченко - Гагарин - Жамбыл көшелерінде орналасқан) митинг өтеді.

Жиынның мақсаты - жануарларға қатыгездік көрсету мәселесіне қоғам мен мемлекеттің назарын аудару. 

Белсенділер биліктен "Жануарларды қорғау туралы" заңды қабылдауды, атап айтқанда жануарларға деген қатыгез көзқарасты жоюды сұрайды.

"Митинг форматы плакаттар мен баннерлердің көмегімен өз позициясын білдіруді қарастырады. Митинг кезінде ән, ұран айтуға тыйым салынады. Шеру жасап, адамдар сөз сөйлейтін митингіні ұйымдастыру үшін өтінішті заңды құрылған ұйым ғана жаза алады. Яғни, қоғамдық қор болу қажет. Мұндай өтініште қор туралы деректер, ұйымның бюджеті қайдан алынатынын көрсету қажет.

Біз қарапайым жанашыр адамдармыз, бізде қор, қаржыландыру жоқ. Біздің әрекетіміз - өз құлшынысымыз. Митинг ұйымдастыру үшін қорларға жүгінгенбіз. Әзірге бұл идея қолдау таппады", - деді ұйымдастырушылар.

Мұндай митингілерді жылына бірнеше рет тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети