Алматы полицейлері ұрланған ұялы телефондарды IMEI көмегімен құлыпқа түсіру процессін бастады. Бұл қызмет таяуда меорандум жасалған ұялы байланыс операторларының қолдауымен жүзеге асырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматы полицейлері ұрланған ұялы телефондарды IMEI көмегімен құлыпқа түсіру процессін бастады. Бұл қызмет таяуда меорандум жасалған ұялы байланыс операторларының қолдауымен жүзеге асырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Таймерденовтың айтуынша, меморандумның мақсаты - ұрланған ұялы телефондарды егелерінің келісімімен құлыпқа түсіру бойынша біріккен әрі келісілген әрекеттерді жүзеге асыру. "Меморандум аясында қарым-қатынас жасасудың тиімді формалары қарастырылып отыр. Қала прокуратурасымен бірігіп, осы бағыттағы жұмыстың бірыңғай алгоритмі іске қосылды. Нақтырақ айтқанда ішкі істер органдары қылмыс нысаны ұялы құрылғылар болған істе жәбірленуші болып танылған тұлғалар туралы қаулы шығаруда сол жәбірленушілерге ұялы байланыс операторларына абонент құрылғысының IMEI коды бойынша жұмысының тоқтағандығы жайында, сонымен қатар төнетін қауіпке бойынша арыз жазу керектігі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құлыптау туралы әрбір арызға тергеушінің ілеспе хаты қосылады, бұл өз кезегінде ұялы телефонның ұрланғаны туралы деректі растайды және жәбірленушінің оған деген құқығын анықтайды. Ал ұялы байланыс операторлары өз кезегінде ұялы құрылғыны құлыптау туралы арызды алғаннан кейін ішкі істер органдарына ұялы телефонның құлыпқа түсірілгені және себебін көрсетпей құлыптан ашылмағандығы жайында хабарлауға міндетті", - деп түсіндірді жаңа процедураның тәртібін Таймерденов.
Тәртіп сақшыларының болжамына қарағанда, жаңа процесстің бастапқы кезеңінде ұялы телефондарды ұрлау мөлшері 25 пайызға азаяды. Ұрланған құрылғылар материалдық құндылығын жойған кезінде қылмыстың бұл түрі минимумға жетеді екен.
"Қылмыстық алдын алуда біз жаңа технологияларды белсенді түрде қолданудамыз. Ұялы байланыс қызметін IMEI коды арқылы тоқтату - ұтымды шаралардың бірі. Айта кетейік, осы шараның тиімділігі Түркия, Австралия, Франция, Германия, Украина және ЕО елдерінің тәжірибесінен алынды", - деп қорытындылады өз сөзін полиция полковнигі.
Суретті Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі жолдады