26 желтоқсан 2023 | 14:27

Алматыда үш адам қаза болған автобус апаты: министр пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жығып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жығып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер Светлана Жақыповадан автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қолдану керек екенін сұрады.

"Әрине, бұл үлкен трагедия, екі бала анасыз қалды (қайтыс болған жаяу жүргінші туралы – еск.). Жұмыс орнын ұйымдастырудың тәсілдері бойынша жұмыс беруші жұмыс аймағын қамтамасыз етіп, жүргізушіні жолаушылардан оқшаулу керек. Бұл ең бірінші, қажетті нәрсе", - деді министр Үкімет брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты екі қылмыстық бап бойынша іс тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети