Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 3 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар қала маңына қатынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 3 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар қала маңына қатынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:

    • №245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45 - 23:00.

    • №254 маршрут: Қаскелең – "Сәлем" базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50 - 23:00.

  • №239 маршрут: "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30 - 23:01.

Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, "Onay" жүйесі қолданылады.

"Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониторинг нәтижелеріне сәйкес түзетіледі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен былтыр 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды", - делінген хабрламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети