Алматыда үш жасар бала терезеден құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш жасар бала терезеден құлап кетті Фото: depositphotos.com

Алматы қаласының Алатау ауданында үш жасар бала терезеден құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Алатау ауданында үш жасар бала терезеден құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандардың мәліметінше, қайғылы оқиға Райымбек даңғылының бойындағы Ақкент шағын ауданында болған. Бала ата-анасынан бұрын оянып, олар ұйықтап жатқанда жетінші қабаттағы терезеден құлап, қайтыс болды.

Алматы полициясы дерек бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Істің мән-жайы анықталады.

Еске салайық, 9 тамызда Теміртауда төртінші қабаттың терезесінен 12 жастағы қыз құлаған болатын. Ол жарақатпен ауруханаға түсті. Астанада 11 тамызда алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады.

Мұндай оқиғалар Қазақстанда күн сайын болады, көптеген жағдайда зардап шеккендерді құтқару мүмкін емес. Балалар да, жасөспірімдер де терезеден құлайды.

ТЖМ қазақстандықтарды балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатуға шақырады, олардың құны шамамен 1000 теңге.

Сондай-ақ, ТЖМ москит торлары құлаудан қорғамайтынын бірнеше рет еске салды, көбінесе балалар оларға сүйеніп, торлармен бірге түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети