Алматыда үш қабатты ғимарат сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешімі бойынша Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысан сүрілгелі жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Себебі құрылысқа рұқсат беру құжаттары жоқ болып шыққан, бұл жоспардан тыс тексеріс барысында анықталыпты.

Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған.

"Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді. 2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды", - деп жазылған хабарламада

Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен басталған.

Айта кетейік, қалада 2023 жылдың басынан бері 67 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети