Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында "Алматыгипрогор-1" компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев айтты, - деп хабарлайды "Крыша".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында "Алматыгипрогор-1" компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев айтты, - деп хабарлайды "Крыша".

Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін "Қазақстан темір жолы" компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станция жүк ағынын түсіру үшін қажет.

"Сондай-ақ, бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда Станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз", - деді Сатыбалдиев.

Сатыбалдиев Алматыдағы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым екенін айтты. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети