Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мен полиция полковнигі ұсталды

30 Мамыр 2017, 22:26
0
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мен полиция полковнигі ұсталды -

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мен полиция полковнигі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2017 жылғы 29 мамырдан 30 мамырға қараған түні Алматы қаласында кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты қорқытып алумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ҚХР-дан контрабанда арналарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (бұдан әрі - ҰҚҚ) әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция бастады", - делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылады.

Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталған. Баспасөз қызметі тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарлайтынын айтып отыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай