Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 қаңтарда сағат 16.15 шамасында қар жауа бастап, ол түнге дейін жалғасты. Қар еріп кетіп жатқанына қарамастан, қаланың жоғарғы бөліктерінде 6-8 сантиметрге дейін түскен. Сондықтан қаланың коммуналды қызметкерлері тазалық жұмыстарына кірісіп кетті.

 

Әкімдік мәліметінше, 20 қаңтарда таңғы сағат 7-де қалада 6-8 сантиметр, ал таулы аудандарда 20 сантиметрге дейін қар жауған.

"Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғаннан бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 2077 тонна пайдаланылды.

Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар күреліп жатыр. Жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылды", - деді шенеуніктер.

Қала әкімдігі мәліметінше, түнде қар тазалауға мегаполис көшелеріне 535 арнайы техника, оның ішінде 208 құмшашқыш, 338 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

"Таңертеңнен бастап 562 арнайы техника, 160 құмшашқыш және 1493 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Қазгидромет болжамы бойынша, аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы 20 қаңтарда күндіз +1 болады... +3 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro