Алматыда вакцина салдырмағандар сауда орталықтарына кіре ала ма?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда екпе салдырмағандарға сауда орталығына кіруге тыйым салу мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екпе салдырмағандарға сауда орталығына кіруге тыйым салу мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байғабыловтың айтуынша, Ashyq-тағы мәртебесі бейтарап ("көк") адамдарға жұмыс күндері сауда орталығына кіруге тыйым салу жоспарланбайды. Ол тек демалыс күндері сақталады.

"Демалыс күндері "жасыл" мәртебесі барларға ғана нысандарға кіруге рұқсат етіледі, ал жұмыс күндері "көк" және "жасыл" статусы барларға", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 4 қарашада Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы мәселені талқылап жатқанын айтқан болатын. Сауда орталығына жұмыс күндері тек Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі барларға, яғни екпе алғандарға ғана кіруге рұқсат беру ұсынылған.

8 қарашада мұндай тыйым "Нұр-Сұлтан" сауда орталығында енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer