Алматыда веложолақтардан боллардтар неге алынып жатыр? Әкімдік түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда веложолақтардан боллардтар неге алынып жатыр? Әкімдік түсіндірді Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда веложолдарды тасжолдан бөліп тұрған тіректер (боллард) алынып жатыр. Велосипедшілердің айтуынша, Байтұрсынов көшесі бойындағы веложолдағы тіректер алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда веложолдарды тасжолдан бөліп тұрған тіректер (боллард) алынып жатыр. Велосипедшілердің айтуынша, Байтұрсынов көшесі бойындағы веложолдағы тіректер алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Коммуналдық көліктерге жол бөлігіндегі қарды толықтай шығаруға ыңғайлы болу үшін жыл сайын қарашадан ақпанға дейін тіректер алып тасталады. Бұл қалыпты тәжірибе", - деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Алматы әкімдігі мәліметінше, жеке автокөлікті пайдалануды азайту үшін 2030 жылға дейін микромобильділік пен басқа да инфрақұрылымға арналған 60 шақырым жаңа веложол салынады.

"Бұл қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруына көмектеседі және мультимодаль сапарлар санын арттырады", - деді әкімдік өкілдері бұған дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети