Алматыда екі жерде, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен Абай және Абылайхан даңғылдарының қиылысында, велосипедті автоматты жалға беретін жаңа бекеттер ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыдағы велосипедті автоматты жалға беру жүйесі Almatybike жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Бірінші бекетте 14 тұрақ орны бар, екіншісінде – 16. "Алдағы уақытта бұл жүйе сатылы түрде ұлғайтылып, жалға берілетін бекеттер санын 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деп мәлімдейді әкімдік. Мұндай стансаларда велосипедті жалға алып, баратын жеріңізге жетіп алып немесе қыдырып, көлік құралын кез-келген басқа стансаға қайта өткізуге болады екен. Мұны қызығушылық танытқан әрбір адам өзіне ыңғайлы кезкелген уақытта жүзеге асыра алады, дейді ұйымдастырушылар.
Олардың айтулары бойынша, оның бағасы мен шарттары да баршаға қолжетімді көрінеді. Алматыда велосипедті жалға алу бағасы бір күнге – 150 теңге, екі күнге – 300 теңге, үш күнге – 400 теңге, ал бір аптаға – 600 теңге болады екен. Оған қатысу үшін аталған жобаның ресми сайтына тіркелу қажет. Сондай-ақ бұл жүйенің қызметіне жүгінгісі келгендер үшін мобильді қосымшасы да қызмет көрсетеді. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда велосипедті автоматты жалға алу жүйесін тек 2015 жылы іске қосу жоспарланған. Онда сарапшылар қажетті инфрақұрылымның жеткілікті екендігне күмән келтірген және велоспипедті ұрлаушылар болады деген қауіптерін білдірген.