Алматыда вейп сақталған қойма әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда вейп сақталған қойма әшкере болды Фото: polisia.kz

Алматыда вейп сақталған қойма жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда вейп сақталған қойма жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады. Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі қойма иесі.

"Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді. Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған. Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети