Алматыда вейп сататын жасырын орын анықталды: 80 миллион теңгенің өнімі тәркіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда вейп сататын жасырын орын анықталды: 80 миллион теңгенің өнімі тәркіленді Фото:elements.envato.com

Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электрон темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

"Тінту кезінде жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын 55 мыңнан аса электрон темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

"Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети