2018 жылдың қаңтарында жалпы сомасы 70 миллион теңге болатын 244 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың қаңтарында жалпы сомасы 70 миллион теңге болатын 244 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтеріне қарағанда, қаңтарда азаматтарға 244 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі берілді. Нөмірлердің жалпы сомасы 69 миллион 783 мың 480 теңгеге жеткен.
Ал былтыр, 2017 жылдың қаңтарында сомасы 35 миллион 101 мың 430 теңге болатын 91 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі берілген.
"Бүгінде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне өтінішті қаладағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы полиция қызметкерлері қабылдайды. Ол өтініштер тіркеліп, Әкімшілік полиция комитетіне жіберіледі. Айта кету керек, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру тәртібі ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі (...)", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Нұрлан Аманбек.
Мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі туралы ережелерге сәйкес, мына нөмірлер жоғары сұранысқа ие:
цифрлық белгіленуі : 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707;
цифрлық белгіленуі : 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707
цифрлық белгіленуі : 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999;
цифрлық белгіленуі : 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 бірдей әріптік белгісі бар;
цифрлық белгіленуі : 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777;
цифрлық белгіленуі : 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптік белгілермен.
Мемлекеттік баж төлемдері ҚР Салық кодексінің 615-бабында көрсетілген.
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 57 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 114 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 137 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 194 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 228 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 285 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 57 АЕК.