Алматыда ыстықтан көшеттер қурап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ыстықтан көшеттер қурап жатыр Фото: facebook.com/Дежурный по городу

Алматыда қатты ыстықтың кесірінен көшеттер қурап қалды. Тұрғындар әлеуметтік желіде қураған ағаштардың суретін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қатты ыстықтың кесірінен көшеттер қурап қалды. Тұрғындар әлеуметтік желіде қураған ағаштардың суретін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-тегі "Дежурный по городу" тобында жарияланған суреттердің авторының сөзінше, Гагарин даңғылы бойындағы ондаған ағаш өліп қалған.

"Бір жыл бұрын әкімдік отырғызған ағаштарды ешкім суармайды. Не болып жатыр? Президент көрсеткен мөлшерге осылай жылдам жетпекші ме? Неғұрлым көп ағаш қураған сайын орнына жаңа ағаштар егеді... суарып не керек?", - дейді Оксана Рюмина.

Әйелдің айтуынша, соңғы уақытта ағаштарды белгісіз біреулер кесіп кетеді екен.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінде оқиғаға қысқа түсініктеме берді.

"Түнде ағаштар суарылды", - деп мәлімдеді аудан әкімі аппаратындағылар оған дәлел видеоны ұсынып.

Еске салайық, синоптиктер маусымда ауа температурасы бойынша 30 жыл бұрынғы рекорд көрсеткіш жаңарғанын тіркеген. Бұған дейін Алматыда өткен жылдың қарашасында отырғызылған ағаштардың қурап жатқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети