Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр Фото: "Лидер.кз"

Алматыда екі күн бұрын асханадан шығып, із-түзсіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі күн бұрын асханадан шығып, із-түзсіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, 1980 жылы туған Алменов Ирхам Исаевич 21 шілдеде таңғы сағат 9-да Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесіндегі асханадан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

Ол ақшыл футболка, қою көк шалбар, қара кепка және қара аяқ киім киген.

Ерекше белгілері: бойы – 180 см, дене бітімі арық, шашы қою, шекесінде ақ шаш бар, сол көзінің жанында мең бар. Жоғалған азамат бағыт-бағдарды білмейді, психикалық аурумен ауырады. Ол қаланы жақсы білмейді, басқа жақтан келген.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша іздестіру ісі қозғалған.

"Із-түзсіз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға және оны жақындарына қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Іздеуге "Лидер.кз" еріктілер қозғалысы да қосылды.

Егер Ирхам Алменовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 (701) 375-92-91, +7 (705) 105-31-31 немесе 102 нөміріне хабарласа аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети