26 қараша 2020 13:02

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Sulpak өкілдері мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Sulpak компаниясының өкілдері кесілген ағаштарға қатысты мәлімдеме жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Sulpak компаниясының өкілдері кесілген ағаштарға қатысты мәлімдеме жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы компаниядағылар Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Тергеу барысында мердігер компанияның қызметкерлері Sulpak-қа тиесілі емес және біздің компаниямызға жалға берілмеген аумақта ағаштарды өз еркімен кесіп тастағаны анықталды. Біз тиіс органдар заңға сәйкес кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қабылдайтынына сенімдіміз.

Біз өз отандастарымыз бен клиенттерімізді түсініп отырмыз, сондықтан әкімдікпен бірге жұмыс істеуге және қаламыздың экологиясын жақсартуға дайынбыз.

Компания басшылығы Алматы қаласының аумағында және қала әкімдігімен келісілген мерзімде 500 үлкен ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады. (...)", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Алматыда Sulpak алдында кесілген ағаштар үшін полицейлер жазалануы мүмкін

Еске салайық, алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген. Сол пікірінде "Arena S" (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Алматыда Sulpak дүкенінің маңына 30 емен отырғызылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғаны жеке бақылауында екенін айтқан.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударып, аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевқа тапсырма берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети