Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді.

"Нысанның иесі, яғни жеке тұлға құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқау берілді", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Бұл іс сотқа жолданған. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети