Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Шұғыла шағынауданындағы Жақсыбаев көшесі, 5 мекенжайындағы ғимарат рұқсат құжаттарынсыз салынған.

"Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, көлік жуу қызметін көрсеткен нысан техникалық және авторлық қадағалаусыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттамасыз, шаруашылық тәсілмен салынғанын анықтады. Бұған қоса, нысан пайдалануға беру актісінсіз пайдаланылды", - делінген хабарламада.

7 шілдеде меншік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1, 321, 323-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

"17.09.2022 жылы басқарма Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. 11.01.2023 жылы Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда меншік иесі апелляциялық шағым түсірді. 12.04.2023 жылы қалалық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Жақында сот шешімін орындау үшін заңсыз нысан мәжбүрлі түрде бұзылған.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети