Алматыда самса сататын заңсыз салынған нысан бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Розыбакиев көшесі, 53 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға рұқсат құжаттарынсыз қосалқы ғимарат салынғаны анықталды.


Басқарма инспекторлары жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

Заңсыз салынған нысанды иесі өз күшімен бұзған.
