Алматыда заңсыз салынған ірі автожуу орны сүрілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз салынған ірі автожуу орны сүрілді Фото: Алматының қала құрылысы басқармасы

Алматыда ірі автожуу орны сүрілді. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, ол заңсыз иемденген жер телімінде тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі автожуу орны сүрілді. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, ол заңсыз иемденген жер телімінде тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының 1-шағын ауданындағы "№ 1 автобаня" бұзылды. 

"Меншік иесі жер учаскесінде тұрған тұрғын емес үй-жайға қоса өлшемі 22х9 және 4х5 метр құрылысты құжаттарсыз салған. 

ӘҚБтК-нің 319-бабы "Жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе тұрмыстық нысандарды заңсыз салу" бойынша хаттама толтырылды, материалдарды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жібердік.

Меншік иесі айыппұл төлеуге және заңсыз салынған құрылысты бұзуға міндеттелді", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Ал 28 сәуірде басқарма мен Әділет департаментінің қызметкерлері сот шешімін орындай отырып, мәжбүрлі түрде бұзу жұмыстарын жүргізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети