Алматыда заңсыз салынған үш қабатты үй сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз салынған үш қабатты үй сүріліп жатыр Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Басқарма мәліметінше, меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

"Кейін басқарманың талап арызы бойынша Алматы Жетісу аудандық сотының 2023 жылдың 7 қыркүйегіндегі шешімі бойынша заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді сүру туралы қаулы шығарылды. Нысанды бұзу жұмыстары меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети