20 қаңтар 2022 11:07

Алматыда зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, өртсөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өртсөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"Осы қиын күндерде қоғам зардап шеккендерге өтемақы төленетініне және қолдау көрсетілетініне сенімді болуы керек. Жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өртсөндірушілерге өтемақы төленеді", - деді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, ауыр жарақат алғандар екі миллион теңге, орташа жарақат алғандар - бір миллион, жеңіл жарақат алғандар - бес жүз мың теңге алады.

"Сондай-ақ, ТЖ кезінде жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі", - деп толықтырды Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети