11 қазан 2024 | 08:39

Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту: жаңа жолда көлік қозғалысы қашан ашылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Мобилділік басқармасы Абай даңғылын батыс бағытта, қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы Мобилділік басқармасы Абай даңғылын батыс бағытта, қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, жол-құрылыс жұмыстары "Қалқаман шағынауданындағы Әуезов көшесінен қала шекарасына дейін (1 учаске) Абай даңғылын ұзарту құрылысы" жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр. Әкімдікте қала шекарасы Наурызбай ауданындағы Қилыбай Медеубеков көшесінің бойында орналасқандығы айтылды.

"Қазіргі уақытта жолдың негізін, негізгі жүріс бөлігін және қосалқы жолдарды салу, сыртқы жарықтандыру және инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға қарай жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады басқарма.

Жер учаскелері толық алынған жағдайда, Абай даңғылы бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысты жыл аяғына дейін ашу жоспарланған. Бұл ретте құрылысты аяқтау жоспарланған мерзімі - 2025 жылғы 31 мамыр.

"Құрылыс алаңына барлығы 73 жер учаскесі түсті, бүгінде 72 жер учаскесі алынды, 1 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыстың жалпы құны 3,5 миллиард теңге болады", - деп толықтырды Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети