Алматыдағы әл-Фараби даңғылы өзгереді. Жол Шығыс айналма автожолынан Тұңғыш Президент саябағына дейін қайта жөнделеді. Сонымен қатар, жолдың өзі ғана емес, іргелес үйлер, көпірлер мен өзен арнасы да өзгереді. Жасыл көпір салынады, тротуарлар мен велосипед жолдары жасалады, қоғамдық көлік жүретін жолақ қосылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жөніндегі жаңа таныстырылымында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әл-Фараби даңғылындағы ең ерекше жоба - ботаникалық бақ пен жоталарда салынатын жаңа саябақты байланыстыратын жасыл көпір.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға айналады. Көпір бақтың жалғасы болады. Оның ұзындығы - 350 метр, ал жаяу жүру бағыты - шамамен бір шақырым.
Жаңа қоғамдық кеңістіктерді жобалау осы жылдың соңына дейін, іске асыру келесі жылға жоспарланған.
Әл-Фараби даңғылымен бірге Есентай өзенінің көрінісі де өзгереді.
Мұнда көпір астындағы кеңістікті және жағалау аймағын абаттандыратын паркур орнын құру жоспарланған.
Әл-Фараби даңғылы бойында Шығыс айналма автожолынан Тұңғыш Президент саябағына дейін тротуарлар, велосипед және автобус жолағы салынады. Әкімдік әуежайға дейінгі барлық жолды жаңартуды жоспарлап отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Әкімдікте әл-Фараби даңғылы бойына 4 346 ағаш отырғызылатынын мәлімдеді. Жаяу жүргіншілерге арналған жалпы алаң 58 427 шаршы метр болады.
Қарастырылып отырған учаскенің бойында төрт жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі бар, олар бойынша қайта құру жұмыстары ұсынылған.
Тротуардың ені - 2,25 метр, велосипед жолының ені - екі метр.
Әкімдіктің алдында Үлкен Алматы өзені арнасын абаттандыру бойынша маңызды жоспарлар тұр.
Әл-Фараби бойында қайта жаңарту жұмыстарынан кейін біраз көлік тұрағы жоғалады.
Бұған дейін Алматыда Мүсірепов көшесі "көше-күнтізбе" тұжырымдамасы бойынша қайта жаңғыртылатыны хабарланған еді. Онымен бірге тағы бес көше қайта жөндеуден өтеді: Пушкин, Сәтбаев, Райымбек, Сейфуллин, Достық даңғылдары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!